Ой
Ой

Біздің елде Қилажбек атты ақсақал бар. Бір адамды жерлеп келіп, еш уайымсыз тамақ жеп отырған ауылдастарына: "Е-еһ! Ертең мен өлсем де, апыл-ғұпыл жерлеп келіп, түк болмағандай ас ішіп отырасыңдар-ау!" деп, жылап жіберген еді.

Жақсыдан жаман, өліден тірі ғибрат алар болса. Қилажбек ақсақалға ұқсап "Мен де ертең өлемін-ау" деп ойланып жүрген адам аз.

Марқұм әкемнің зиратындағы тасқа:

Намаз оқы! Ей пенде Хақтан безбе!

Тас түнекке айналар ақ таң лезде.

Оқымасаң зар болып өкінерсің,

Қара жердің астында жатқан кезде, - деп жазып едім. Оқыған адам ойлансын деп. Бірақ, ойлану бақыты әркімге бұйыра бермейді екен. Осыны да ойлаңыздар!

Арман БердалинАрман Бердалин
9 лет назад 4842
2 комментария
  • Осы уақытқа дейін біраз адамға ой салған шығар. Естуімше Сарыағаш жақта бір зират бар екен. Соның кіреберісінде: "Біз де сендердей болғанбыз, сендер де біздей боласыңдар" жазып қойған көрінеді.
    9 лет назад
  • Кеше әлеуметтік желілерден мынадай өлең жолдарын оқып қалдым:
    Ақыретті айтқанда ұнатпадың,
    Күн сайын шариғаттан жырақтадың.
    Бір күн сен де кірерсің қара жерге
    Құтқара алмас Бәке, Жәке, браттарың.
    Күшті иә, авторы кім екен?
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир