Біздің елде Қилажбек атты ақсақал бар. Бір адамды жерлеп келіп, еш уайымсыз тамақ жеп отырған ауылдастарына: "Е-еһ! Ертең мен өлсем де, апыл-ғұпыл жерлеп келіп, түк болмағандай ас ішіп отырасыңдар-ау!" деп, жылап жіберген еді.
Жақсыдан жаман, өліден тірі ғибрат алар болса. Қилажбек ақсақалға ұқсап "Мен де ертең өлемін-ау" деп ойланып жүрген адам аз.
Марқұм әкемнің зиратындағы тасқа:
Намаз оқы! Ей пенде Хақтан безбе!
Тас түнекке айналар ақ таң лезде.
Оқымасаң зар болып өкінерсің,
Қара жердің астында жатқан кезде, - деп жазып едім. Оқыған адам ойлансын деп. Бірақ, ойлану бақыты әркімге бұйыра бермейді екен. Осыны да ойлаңыздар!
Ақыретті айтқанда ұнатпадың,
Күн сайын шариғаттан жырақтадың.
Бір күн сен де кірерсің қара жерге
Құтқара алмас Бәке, Жәке, браттарың.
Күшті иә, авторы кім екен?