Неге?
Неге?

Айналсақ та айтулы тұлғаға біз,

Жаратқанның алдында құл ғанамыз.

Көңіл бөлген адамға құлдық ұрып,

Өмір берген Құдайға бұлданамыз.

 

Бұлданамыз, жібіне жабыспаймыз,

Бар мақтауды басқаға бағыштаймыз.

Кәсіп берген адамды жақын тартып,

Нәсіп берген АЛЛАдан алыстаймыз.

 

Түбі бірақ өлімнен сау кетпейміз,

Жойыламыз жоқ болып жау жетпей біз.

Мақтап жүрген адамға алғыс айтып,

Сақтап жүрген Тәңірге тәубе етпейміз.

 

Бостан-босқа уақытты шығындаймыз,

Қысылғанда "АЛЛА-ай!" деп шырылдаймыз.

Пара берген адамға бара беріп,

Сана берген АЛЛАға бұрылмаймыз.

 

Шетімізден асқақпыз, телегейміз,

Өзімізге ешкімді теңемейміз.

Көмек берген адамға құрмет қылып,

Қорек берген Құдайды елемейміз.

Неге?..

Арман БердалинАрман Бердалин
2 года назад 327
6 комментариев
  • Мәнді, мағыналы өлен
    2 года назад
  • Керемет! Қазіргі күннің шындығы. Неге деген сұрағыңызға "Адамды иман болғанмен де жүректе қорқыныш аз, тақуалық жоқтың қасы. Әр нәрсенің сұрауы, әрбір әрекеттің тергелетін кезі болатынын естен шығарамыз. Өлеңде көрініс тапқан жағдайлар осындайдан шығар деп ойлаймын.
    2 года назад
  • Жалпы Арман аға өзіңіз секілді ақын ағалардың өлеңдерін анда-санда видео, аудиосын тыңдап қаламыз. Оларды өзіміз оқи алмаймыз. Сондықтан да, оқырмандардың көбісі әлі оқи қоймаған өлеңдеріңізді жиі жариялап тұрсаңыз.
    2 года назад
  • Иа асыга кутемиз
    2 года назад
  • Пікірлеріңізге АЛЛА разы болсын! "Мұсылман мұсылманның айнасы". Мен үшін қандай болса да пікірлеріңіз құнды.
    2 года назад
  • Ақындардың тілінен төгілген маржан сөздер ! Бір ауыз сөз көп іс тындырады, сындырады, қандырады, тіпті жандырады :)
    2 года назад